Павлодарда қайда жарық болмайды

Қосалқы станцияларда жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 маусым күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Алматы көшесі, 108 мекенжайы бойынша электр қуаты сөндіріледі.
Сонымен қатар, сағат 13:00-ден 17:00-ге дейін:
- Қамзин көшесі, 351 («Удача» дүкені);
- Онежская – Ворушин – Қамзин – Волочаевская, Онежская – Ворушин – Қамзин – Ладожская, Қамзин – Онежская – Қамзин – Новосибирская көшелері алаңындағы тұрғын үйлер;
- Волочаевская көшесінің бойындағы «Энтузиаст», «Строитель» бағбаншылықтары.
Сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін:
- Қамзин көшесі, 64 («Тамер» дүкені), 66, 70 («Mol mart» дүкені, «Грация» сұлулық салоны), 70/1 («Мясной двор» дүкені), 72 («АқанStom» стоматологиялық емханасы, «Clips» шаштаразы), 72, 72/1 («TSSP» дүкендер желісі, «Мега плюс» дәріханасы).
Сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін:
- Усолка көшесі, 1-57;
- Нұркин көшесі, 38-106;
- Вилюйская, Камский, Қашыр, Алданская, Обь, Ленский, Би көшелері бойындағы тұрғын үйлер.