Павлодардың кейбір тұрғын үйлерінде жарық болмайды

Павлодардың кейбір тұрғын үйлерінде жарық болмайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Электр желісінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қаланың тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметінше, 25 сәуір күні сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін Мәшһүр Жүсіп – Исиналиев – Нұркин – Толстой көшелерінің, сағат 13:00-ден 17:00-ге дейін Иса Байзақов – Естай – Абай – Қайырбаев көшелерінің алаңы электр қуатынан ажыратылады.