Павлодардың Сарыарқа мөлтек ауданындағы тозған үйлер не болады
Бүгінде ескі Алюминистрой мөлтек ауданынан екі қабатты алты-ақ үй қалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Азат Сатабаевтың айтуынша, олардың барлығы сүріліп, тұрғындары басқа үйлерге көшіріледі.
- Үйлер орны абаттандырылады, онда коммерциялық нысандар пайда болуы да ықтимал. Қала басшылығының ақпаратына сәйкес, үйлерді бұзу биылғы жылдың ішінде қарастырылуы керек. Сәйкес құжаттар әзірленуде. Тұрғындарына әртүрлі варианттар ұсынылады, - дейді Азат Сатабаев.
Бұрынғы Алюминистрой мөлтек ауданында барлығы 1 224 пәтерлі 153 екі қабатты үй болған. Қазіргі кезде онда 40 шақты жаңа көпқабатты үйлер тұрғызылған.
Биыл Сарыарқа мөлтек ауданының құрылысы аяқталады.
Фото: Константин Шелков