Павлодардағы кейбір әлеуметтік нысандарда неліктен жылу жоқ?

Павлодардағы кейбір әлеуметтік нысандарда неліктен жылу жоқ?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қысқа дайын емес үйлер үлкен кедергі жасап жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар әкімдігінің қаулысымен әлеуметтік нысандар 9 қыркүйектен бастап жылуға қосыла бастады. Ал 16 қыркүйектен 1300 үйдің 894-і көпқабатты үйлер жылу жүйесіне қосылды. Қалған үйлерге 1 қазанға дейін жылу беріледі. Биылғы жылы ауа райына байланысты жылу желілерінің режимін реттеу мақсатында жылу беру маусымы ерте басталды.

Мысалы, Усолка шағын ауданындағы №42 мектеп туралы арыз-шағым түсуде. Бұл мектепте әлі жылу жоқ. «Павлодар жылу желілері» ЖШС бас инженерінің орынбасары Павел Плетуховтың сөзінше, барлық әлеуметтік нысандар жылуға қосылған. Ол кейбір нысандарда жылу болмаса, оған төмен гидравликалық көрсеткіштер себепші екенін айтты.

– Қыс мезгіліне дайындалмған 97 үй жылуға рұқсатсыз қосылып, гидравликалық режимді бұзып отыр. Сол себептен Усолкадағы сияқты әлеуметтік нысандар зардап шегуде, – деді Павел Плетухов.

Бүгінде 400-ге жуық үй әлі жылуға қосылмаған. Олар «Дачный», «Химгородки», «Екінші Павлодар», «Восточный» шағын аудандарында орналасқан. Олар кезек-кезекпен қосылады.

Жыл сайын теміржол вокзалы, Катаев, Толстой, Екінші Павлодар шағын ауданында орналасқан 194 өзін-өзі басқаратын үй қыс мезгіліне өздері дайындалып, жылу акттарын тапсырады.

Спикердің айтуынша, жер үйлердегі жағдай былтырдан бері мүлде өзгерген жоқ. Олардың жылыту сорғыларын рұқсатсыз орнатқандықтан, кейбір үйлер жылуды жеткіліксіз қабылдайды.

Тұрғындар мен БАҚ өкілдерінен арыз-шағым көп түскендіктен, кеше ғана екі бағыттағы Ломов – Қамзина негізгі қиылысы ашылды. Бұл тас жолды жөндеуге үкімет резервінен қаражат маусым айында ғана бөлгендіктен, жұмыстар біраз кешіктірілді.