Павлодардың шағын ауданында жаңа ысырмалар орнатылады
Аймақ басшысы Асайын Байханов облыс орталығының жеке меншік секторында кәріз желілерінің қалай салынып жатқанын тексерді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
– Екінші Павлодарда 15 көшенің үшеуінде ғана Архангельская, Целинная, Литвинов көшелерінде жұмыстарды аяқтау қалды. Тағы үш шақырым құбыр жүргізіп, содан кейін кәріз-сорғы жүйесін орнатып, реттеу керек. Менің ойымша, бұл жұмыстар шілде айының соңына дейін аяқталады, – деп жазды Асайын Байханов Іnstagram-парақшасында.
Зеленстрой шағын ауданында 12 көшенің сегізіне желілер төселген. Жалпы ағынды Ломов көшесі емес Қазправда көшесі бойындағы коллекторға бағыттау арқылы жобаны түзету туралы шешім қабылданды. Орындау мерзімі - 15 шілдеге дейін. Сондай-ақ қала әкіміне көшелерді толықтай абаттандыруды тапсырды.
Бұдан бөлек, Зеленстройда сумен жабдықтау желілерінде қосымша бекіткіш арматураның қондырғысын жеке тексерді. Себебі, кез келген кішкене апат кезінде бүкіл шағын аудан сусыз қалады. Енді учаскелерді бөлу үшін 20 жаңа ысырма орнатылады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram