Павлодарлық құтқарушылар СҚО-да бөгетті нығайтуда
Жұмыстар тәулік бойы жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, төтеншеліктер Солүстік Қазақстан облысында су тасқынымен күресуді жалғастыруда. Құтқарушылар Заречный кентіндегі бөгетті нығайтып жатыр.
– Осы уақытта 5000-нан астам қап дайындалды. Қызметкерлер үй жануарларын да эвакуациялап, кейін оларды ветеринарлық қызметке тапсырады, – деді департаментте.
Сондай-ақ СҚО-ның жергілікті атқарушы органдары және полиция қызметкерлерімен бірге аулаларды аралау, тұрғындарды хабардар ету және эвакуациялау шаралары жүргізілуде.
Солтүстік Қазақстан облысында Павлодар облысы ТЖД-ден барлығы 53 адам және 10 техника жұмыс істеуде.