Павлодарлық ұстаз: Балаларымның болашағы үшін дауыс беремін

Павлодарлық ұстаз: Балаларымның болашағы үшін дауыс беремін
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

15 наурыздағы сайлауға қатысу – әр адамның азаматтық борышы, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz  тілшісі.

Ляззат Нұржанқызы облыс орталығындағы "Алтын кидс" балалар орталығында қазақ тілі пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. 

— Әр бала мен үшін қымбат. Оларды өз балаларым Аяжан мен Зере сияқты жақсы көремін. Қамқорлық танытамын, жүрегіммен қабылдаймын. Олардың дамуына отбасымызбен қолдау білдіреміз. Зере мен атасы үшін спорт – күнделікті өмірдің маңызды бір бөлігі. Ол дзюдомен айналысады. Ал Аяжан мен қызмет ететін орталықта би үйірмесіне қатысады. Мен балаларымның болашағы үшін 15 наурызда жаңа конституцияға дауыс беремін,  - дейді ұстаз ана. 

Ляззат Нұржанқызы ел мен балалардың   болашағына бейжай қарамайтынын айтады.  Әрі мемлекет үшін маңызды күнде таңдау жасау әрбір қазақстандықтың азаматтық құқығы және жауапкершілігі екенін атап өтті.