Павлодарлық ұстаздар тамыз форумында нені талқылады?

Павлодарлық ұстаздар тамыз форумында нені талқылады?
Фото: Павлодар қалалық білім беру бөлімі

Білім беру ұйымдары педагогикалық қоғамдастығының тамыз форумы «Digital Kazahstan: жаңа замандағы білім беру» тақырыбынде өткізілді, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Форум Б. Момышұлы  атындағы мектепте, Ш. Шөкин атындағы мектеп-гимназиясында, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы инновациялық үлгідегі мектепте және № 7 мектепте ұйымдастырылды. Жаңа 2024-2025 оқу жылына дайындық аясында республикалық тамыз саммитін өткізу тұжырымдамасына сәйкес 31 секцияға қаланың 2000-нан астам педагогі қатысты. Олар оқыту мен тәрбиелеудің үздік тәжірибелерін, білім беруде цифрлық технологияларды, жасанды интеллект мүмкіндіктерін, сапалы контекст құруды, оқу процесін жетілдіру үшін жағдайлар жасауды ұсынды. Пән мұғалімдері критериалды бағалауды енгізу, сапалы білім беру үшін цифрлық технологияларды интеграциялау тәжірибесімен бөлісті.

Қаланың 200-ден астам пән мұғалімі, психологтері, сынып жетекшілері, білім беру ұйымының қосымша білім беру педагогтері шеберлік сыныптарын өткізді. Сегіз секцияға 68-ден астам қосымша білім беру маманы қатысты, – дейді қалалық білім беру бөлімінде. 

Қатысушылар буллинг, отбасылық қолайсыздық, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, өзін-өзі басқару, пікірталас қозғалысы, волонтерлік, кәсіптік бағдар беру, экология, ата-аналар қоғамымен жұмыс, оқушылардың жазғы демалысы, білім беру процесіне қатысушыларды психологиялық сүйемелдеу мәселелері жайлы өз ой-пікірлерін ортаға салды. 

Оқыту мен тәрбиелеуде ерекше білімді талап ететін балалармен жұмыс істейтін мұғалімдер инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың ерекшеліктері жайлы баяндаса, мектеп басшылары мен орынбасарларының секцияларында жоспарлау, оқу жұмыс жоспарлары, кесте, оқу бағдарламалары талқыланды.  

Тамыз секциясының жұмысына Мәскеу, Астана, Петропавловск қалаларынан спикерлері қатысты. Баяндамалар әр оқушының жеке басының дамуына, белсенділікті жетілдірудің ресурстары мен құралдарына бағытталған.