Павлодарлық ардагерлер мен әуесқойлар ашық суда жүзіп жарысты

Павлодарлық ардагерлер мен әуесқойлар ашық суда жүзіп жарысты
Сурет ұйымдастырушылардан алынды

Чемпионатқа 39 жастан 70 жасқа дейінгі спортшылар қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен ардагерлер мен әуесқойлар арасында ашық суда жүзуден Павлодар облысының чемпионаты өтті.

Ол Усолка жағажайында ұйымдастырылды. Жарыстың мақсаты – халық арасында жүзуді танымал етіп, салауатты өмір салты принциптерін бекіту, жүзу әуесқойлары арасында үздік спортшыларды анықтау және халық арасында спорттық дағдыларды жетілдіру.

Қатысушылар әйелдер 18-29 жас, 30-39 жас, 40-49 жас, 50-59 жас, 60 жас және одан жоғары - ерлер 18-29 жас, 30-39 жас, 40-49 жас, 50-59 жас, 60-69 жас және 70 жас секілді санаттағыларды қамтыды.

– Жүзуге қатысушылардың барлығы жүзуді білуі және қауіпсіздік ережелерін сақтауы керек: шекаралық қалқымалардан тыс жүзбеу, жаға бойымен 1,5 метр тереңдікте орналасқан жүзу бағыты бойынша және суда құтқару қызметтері мен жедел жәрдемді тарта отырып жүзуі керек, – дейді ұйымдастырушылар.

Байқау әйелдер (барлық жас топтары), 50 жасқа дейінгі қашықтық 1000 метр, 50 жас және одан жоғары - 600 метр. Ал ерлер (барлық жас топтары) 60 жасқа дейінгі қашықтық 2000 метр, 60 жас және одан жоғары – 1000 метрге жүзді.

Жеңімпаздар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының грамоталарымен және медальдарымен марапатталды.