Павлодарлық ата-аналар бала тәрбиесінде кездесетін қателіктерді талқылады
Олар «Адал ұрпақ ер боп туса, ел тірегі» атты дөңгелек үстелде бас қосты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бас қосу М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында облыстық «Мирас» жобасының аясында ұйымдастырылды.
Шараға облыстық аталар мектебінің төрағасы Қайыртас Нұрғалиев, «Ардагерлер» ұйымының мүшесі Сапар Шабанбаев, «Сенімен болашақ» Павлодар облыстық филиалының ата-аналар республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Хызыр Жанарыс, «Кәусар бұлақ» әжелер мектебінің төрайымы Ғалия Сұнғатова, Аққулы ауданы білім бөлімінің әдіскері Әсем Оспанова және облыстық «Мирас», «Аққу» жобасын іске асыруда өз тәжірибиесімен бөлісу үшін Аққулы ауданынан бір топ мұғалімдері мен клуб жетекшілері келді.
Дөңгелек үстел барысында қонақтар оз ойларымен бөлісіп қана қоймай, жаңа идеялар ұсынды. Бала тәрбиесінде кездесетін қателіктер және жаңа сын-қатерлердің алдын алудың оңтайлы жолдарын табу туралы айтты.
Әсіресе, Хызыр Жанарыс көтерген «Ұлы жақсы болса әкенің маңдайы терлемейді, қызы жақсы болса ананың жаулығы кірлемейді» тақырыбында ата-аналардың ең бірінші міндеті - бала тәрбиесінде ешқандай қателіктерге жол бермеу керектігін айтты.
Аққулы ауданынан келген «Аққу» клубтарының жетекшілері осы жобалар арқылы клуб тәрбиеленушілерімен қандай жұмыс жасап жатқаны туралы озық тәжірибиелермен бөлісіп, жаңа әдістерді ортаға салды.