Железин ауданында жалған нөмірлермен жүрген ер адам бір жылдай рөлге отыра алмайды

Железин ауданында жалған нөмірлермен жүрген ер адам бір жылдай рөлге отыра алмайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Нөмір белгісі тануға кедергі келтіретін арнайы құрылғымен жабдықталған еді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Железин аудандық сотында азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Ол 2025 жылғы 1 тамызда «Үрлітөбе» шекаралық бақылау-өткізу пунктінде шекара қызметкерлері тарапынан тоқтатылған.

Тексеру барысында ол «МАЗ» маркалы көлік құралын көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу  нөмір белгісімен басқарғаны анықталды. Нөмір белгісі тануға кедергі келтіретін арнайы құрылғымен жабдықталғаны анықталды. 

Сот отырысында азамат кінәсін мойындап, іс мән-жайларымен толық келісетінін білдірді.

– Сот қаулысымен ол ӘҚБтК 590-бабы 4-бөлігі бойынша қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықты жасауда кінәлі деп танылып, 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 1 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды, – деді Железин аудандық сотында.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.