Павлодарлық биші қыздар елорда төрінде жарқырады

Павлодарлық биші қыздар елорда төрінде жарқырады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Үш өнерпаз жүлделі орындар алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Жігер» орталығының «ДОС» бөлімінің тәрбиеленушілері, «Грация» спорт студиясының биші қыздары Астанада өткен «IBDS SOLO WORLD ALL AGE CHAMPIONSHIP — International Ballroom Dancing Society» халықаралық турниріне қатысты. Павел Шевчуктің жетекшілігімен жас бишілер жоғары дайындық деңгейін, артистік шеберліктері мен жеңіске деген жігерін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. №17 орта мектептің оқушысы Адемa Сағынғали, Ә. Бөкейхан атындағы мектептің оқушысы Анара Мұхаметжанова, №5 орта мектептің оқушысы Ясмин Қабиева бірінші және екінші орындар иеленді.

Қатысушылардың өнер көрсетуі олардың жоғары деңгейдегі шеберлігін, тәртіптілігін және кәсіби дайындықтарын тағы бір мәрте дәлелдеді.