Павлодарлық блогер есірткі қылмысы туралы фильм түсірді

Павлодарлық блогер есірткі қылмысы туралы фильм түсірді
Фото: Константин Шелков

Фильмнің аты «Закладка», деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодарлық блогер, PR-кеңесші Ринат Балғабаев осы деректі фильм арқылы қоғамның синтетикалық есірткі тарату мәселесіне деген назарын аударуға тырысты. Instagram-дағы ресми парақшасында автор синтетикалық есірткіні тарату мәселесі туралы ой қозғайды.

«Соңғы жылдары есірткіге тәуелді адамдар мен есірткіге байланысты құқық бұзушылықтар саны айтарлықтай өсті. Әсіресе, есірткі курьерлерінің көбеюі алаңдатады. Әлеуметтік желілер арқылы жас жігіттер мен қыздарға, соның ішінде жасөспірімдерге тәжірибе мен арнайы дағдыларды қажет етпейтін «жоғары ақы төленетін» жұмыс ұсынылады», – деп күйіне жазады ол әлеуметтік желіде. 

Фильмнің кейіпкерлерінің бірі айтқандай, ұсақ орындаушылар түрмеге қамалса, ал есірткі саудасының ұйымдастырушылары өздері көбінесе көлеңкеде қалады. 

– Мен мұнда қалай келгенімді айтсам, тіпті ұйят: тойға қарызға ақша алғанмын. Содан соң 200 мың алдым да, он жылға түрмеге түстім, - деп есіне алады келіншек.

Тағы бір тұтқын үйлену тойының және онымен байланысты шығындардың құрбаны болды.

– Мен жай ғана әпкемнің тойының жақсы өтуі үшін ақша алғым келді. Той болған кезде мен түрмеде отырдым, - деп мойындады жас жігіт.

Ринат Балғабаев ресми статистиканы келтіреді: қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде тыйым салынған заттарды таратқаны, сақтағаны және өндіргені үшін 4,3 мыңға жуық адам отыр. Соңғы екі жылда есірткі таратқаны үшін сотталғандар саны 30%-ға өсті.