Павлодарда жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізуші жазаланды

Павлодарда жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізуші жазаланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қымбат көлік иесі үшін сапар бірнеше әкімшілік хаттамамен және көліктің айып тұрағына қойылуымен аяқталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 3 мамыр күні Никитин көшесі, 1 мекенжайында болған. «Mercedes Brabus» маркалы автокөлік жүргізушісі жаяу жүргіншілерге арналған аймақпен жүріп өтіп, жол ережелері мен жол әдебін елемеген.

Құқық бұзушы жедел түрде анықталып, оған қатысты төрт әкімшілік хаттама толтырылған. Атап айтқанда, жаяу жүргіншілер жолымен жүру, оңға бұрылғанда жарық белгісін қоспау, рұқсатсыз қайта жабдықталған көлікті басқару және 3.2 жол белгісінің талаптарын сақтамау фактілері тіркелген, делінген хабарламада.

Нәтижесінде көлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Полиция өкілдері көліктің маркасы мен бағасы жолда ешқандай артықшылық бермейтінін еске салып, ережені елемейтін жүргізушілерге қатысты бақылау шаралары тұрақты түрде жүргізілетінін атап өтті.