Павлодардың болашақ аналарын арнайы кешке шақыруда

Павлодардың болашақ аналарын арнайы кешке шақыруда
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Келушілерге консультациялық көмек көрсетіліп, сыйлықтар ойнатылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық Жастар бастамаларын дамыту орталығы баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 сәуір күні сағат 18:30-да жастар орталығында «Baby shower party» атты болашақ аналарға арналған танымдық шарасы өтеді.

Аталмыш кеште жүкті әйелдер тәжірибелі гинеколог-акушермен кездесіп, барлық жүктілік пен босану барысына қатысты сұрақтарын қоя алады, жүктілік барысында психологиялық қолдау көрсететін доула маманымен танысып, болашақ ана болу үшін тілектер картасын жасайды, – дейді ұйымдастырушылар. 

Одан бөлек, аналар кешінде @adream_pvl пиццериясы мен @bauyrsakpvl тағам жеткізу қызметінен арнайы фуршет ұйымдастырылып, кеш демеушілерінің сыйлықтары ойнатылады.

Толық ақпарат алу және жазылу үшін +7(747)379-49-04 нөмірі арқылы ұйымдастырушылармен байланысуға болады.

Өтетін орны: Ломов көшесі, 38.