Павлодарлық дәрігерлер әйелдің жүру қабілетін қалпына келтірді
Бұл құбылыс реабилитологтар үшін күтпеген жағдай болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
2022 жылдың сәуір айында Татьяна Пахандрина Тереңкөлден келе жатқан жолда апатқа ұшырады.Артқы жағында келе жатқан жол талғамайтын көлік оның көлігінің артынан қағады. Әйелдің көлігі екіге бүктелген.
Оның кеуде және бел омыртқалары жарақаттанған, сонымен қатар жамбас сүйектері сынған. Сол жылдың 1 маусымында анасы Татьянаны Павлодардағы №5 емханаға орналастырды.
Зардап шегушінің айтуынша, дәрігерлер оның бұрынғы өміріне оралады деп үміттенбеген.
– Оң жағым қолымнан аяғыма дейін сал болып қалды. Мен бес ай төсекте жаттым. Операциядан кейін мен ұзақ уақыт бойы қалпыма келдім, екі апта бойы реанимацияда болдым. Дәрігерлер мағантолықтай емделетініме уәде берген жоқ, - деді науқас.
Әйелді реаниматолог Альфия Ыдырысова бақылап отырды. Олар нұсқаушымен бірге Татьянаға қайтадан жүруді үйретті.
– Біздің емхананың дәрігерлері келіп, жағдайын бақылап отырды. Нұсқаушы Толқын үйде кинезитерапия сабағын өткізіп, ағзалардағы тоқырауға қарсы жаттығуларына үйретті. Науқасымыз нұсқаушы арқасында жүруді бастады, - деп атап өтті дәрігер.
Татьяна Пахандрина емханаға бірінші топтағы мүгедектігімен түсті.
– Бастапқыда біз толық сауығу мүмкіндігін бес пайызға бағаладық. Мұндай науқастар әдетте толықтай қалпына келмейді. Бірақ Татьянаның өзі нәтижеге құлшыныс танытып, өзінен көбірек талап еткені көмектесті, – деп бөлісті Альфия Ыдырысова.
Қазір науқас емдік дене шынықтыру, физиотерапия және массаждан өтуді жалғастыруда.Дәрігерлердің негізгі міндеті – қимыл-тірек аппаратының функцияларын қалпына келтіру. Ол күніне үш сағат бойы сауықтыру шараларына барады.
Естеріңізге сала кетейік, оңалтудың барлық түрлері міндетті медициналық сақтандыру аясында тегін жүргізіледі. Ал облыс орталығында тұрмайтындар қалаға уақытша тіркеліп, сауықтыру кезеңінен өтетін емхананы таңдай алады.
Әсия Серікова