Павлодарда көшелердің бірі уақытша жабылды

Павлодарда көшелердің бірі уақытша жабылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жүргізушілерден бағытты алдын ала жоспарлауды сұрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәліметінше, орташа жөндеу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге байланысты 26 маусым сағат 07:00-ден 27 маусым 20:00-ге дейін Нұрсұлтан Назарбаев даңғылынан Катаев көшесіне дейінгі Малайсары батыр көшесі жабылады. Бұл ретте қиылыстар жабылмайды.