Павлодарлық дауға ұласқан матчқа қатысты

Павлодарлық дауға ұласқан матчқа қатысты
Фото: pflk.kz

Қазақстан Кубогының финалында «Ақтөбе» «Атыраумен» кездесті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазақстан Кубогі үшін шешуші матч Алматының Орталық стадионында өтті. Командалар қауіпті сәттерді көп ұйымдастыра қойған жоқ, бұл «Атырауға» тән тактика болса, «Ақтөбенің» сылбырлығы көрермендер үшін жағымсыз тосын сый болды.

Қалай болғанда да, бірінші таймның ортасында мұнайшылар есеп ашты. Белоруссиялық Стасевич-Сигневич жұбы тағы да өзін танытты: біріншісі Николай Сигневичке допты әуелетіп жеткізсе, екіншісі қақпашы Игорь Шацкийді қапыда қалдырды.

Екінші таймда «Ақтөбе» есепті теңестіруге тырысты, бірақ команданың іс-әрекеттері қарсылас үшін ешбір қауіп төндіре қоймады. Алаңға павлодарлық Арман Кеңесов және шабуылды күшейтуге шақырылған басқа ойыншылар шықты. Алайда, алыстан бағытталған соққыларды есепке алмағанда олар қауіпті ештеңе жасай алмады. Содан соң іске төрешілер араласты. 

Соңғы ысқырыққа бірнеше минут қалған сәтте төрешілер бригадасы Олжас Керімжановтың іс-әрекетінде айып алаңындағы фолды көрді, VAR көмегімен эпизодты көргеннен кейін төреші Данияр Сахи «нүктені» көрсетті. Пенальтиді Әлібек Қасым орындадап есепті теңестірді, ал келесі сәтте еңсесі басылған атыраулықтарды Гондола Смит жерге қаратты.

Нәтижесінде төрешілердің тікелей араласуымен «Ақтөбе» Кубокты «Атыраудың» қолынан жұлып алды. Турнир жеңімпазына 65 миллион теңге көлемінде, ал жеңілгенге – 45 миллион теңге ақшалай сыйлық берілді.