Павлодарлық кафеде бес адам жаппай иіс газдан уланған
Зардап шеккендерді ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық жедел жәрдем станциясына өткен жексенбіде кешкі сағат 18:05-те Шығыс өнеркәсіп аймағында орналасқан кафеде көміртегі тотығымен жаппай улану деген шақырту келіп түсті.
– Дәрігерлер сегіз минутта оқиға орнына жетті. Бес адам зардап шекті– 27 және 40 жастағы екі ер адам. Оларды орташа уланумен №1 қалалық ауруханаға жеткізді,– деді станцияның баспасөз қызметінде.
Сондай-ақ, 7 және 16 жастағы бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Ал 62 жастағы зардап шеккен тағы бір ер адам көмек көрсеткеннен кейін ауруханаға жатқызудан бас тартты.