Павлодарлық мұғалімдерді жасанды интеллект қолдануды үгіттеуде

Павлодарлық мұғалімдерді жасанды интеллект қолдануды үгіттеуде
Фото автора

Қазақстан мен Ресейдің жетекші спикерлері облыс мектеп директорлары мен мұғалімдерімен тәжірибе бөлісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Естай атындағы мәдениет сарайында «Amansultan AI Mugalim: белгісіз болашаққа арналған белгілі дағдылар» фестивалі өтуде, оның лейтмотиві - жасанды интеллекті оқу үдерісіне белсенді түрде енгізу, жаңа ұрпақ балаларының қажеттіліктерін ескере отырып педагогикаға жаңаша көзқарас.

- Бұл - жаңа форматтағы интенсив, - деді өз сөзінде Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айгүл Мәлікова. - Ұстаздар – ұлт тірегі, ал жасанды интеллект - заманауи оқыту құралы. Фестиваль мұғалімдерімізді шығармашылыққа, ізденімпаздыққа, үнемі өзін-өзі жетілдіруге жетелейді деп сенеміз. Біз Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жасанды интеллекті білім беру жүйесіне енгізуді көздеп отырмыз.

Фестиваль Павлодарда басталды, себебін «Amansultan» платформасының негізін қалаушы Нұрлан Қиясов түсіндірді.

– Павлодарда білім беру – жоғары сапалылықтың белгісі. Сіздердің түлектеріңіз басқа өңірлердегі оқушылардан ерекше, мен сіздерге бас иемін, – деп Нұрлан Қиясов павлодарлық ұстаздарға бас иді.

«Amansultan» платформасының әдістемелік қызметінің жетекшісі Наталья Кудимова айтқандай, тұғырнаманың жұмыс істеп келе жатқанына үш жылға жуықтапты, ол республика бойынша мыңнан астам мектепті және Павлодар облысындағы 360 білім беру мекемесін қамтыды. Онымен облыс бойынша сегіз мыңнан астам мұғалім мен 55 мыңнан астам оқушы еңбек етуде. Мақсат – сабақты қызықты әрі сапалы өткізу.

Платформаның құрылу тарихы да қызықты. Алаңның атауы Нұрлан Қиясовтың балалық шағынан шыққан. Әжесінің аты Амансұлтан болатын. Ауыл мұғалімі бар саналы ғұмырын бала оқытуға арнап, баршаға білім беруге тырысты. Сондықтан жобаның миссиясы – әр балаға сапалы, заманауи білім беру.

Фестиваль барысында белгілі спикерлер Айгерім Балғабекова, Темірбек Сағындықов, Аида Әбіләкімова облыс ұстаздары алдында сөз сөйледі. Сондай-ақ көрермендерге «Орфей» тобының орындауындағы концерттік бағдарлама ұсынылды.