Павлодар облысында қалалар мен аудан әкімдерінің білім гранттары қайта берілуі мүмкін
Мұндай игі бастаманы Асайын Байханов Павлодар облысының педагогикалық қызметкерлер алқасында көтерді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, аймақ басшысы өңір ұстаздарының қажырлы еңбектері мен жоғары нәтижелерін атап өтті.
- Павлодарлық педагогтар - республикада үздіктер қатарында. Соңғы үш жылда біздің облыс өңірлік білім беру жүйелерінің тиімділігі бойынша елімізде 1-орынды иеленді. Өңірдің мектеп қоржынында халықаралық және республикалық олимпиадалардың 280-ден астам медалі бар, - деп атап өтті өңір басшысы.
Облыстың техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі елімізде жетекші болып танылды. Осы бағыт бойынша аймағымыз республикалық тамыз конференциясының базасы ретінде кездейсоқ таңдалған жоқ.
Өз кезегінде жергілікті атқарушы органдар білім беру саласын дамыту үшін барынша жағдай жасауда. Білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға арналған бюджет көлемі 3 есе ұлғайды. Мектептерді жабдықталған санитарлық тораптармен және ауыз су көздерімен қамтамасыз ету мәселесі толығымен шешілді. Биыл балаларды тасымалдау үшін 46 мектеп автобусы сатып алынды. Үш жыл ішінде 165 мектеп жаңғыртылды.
Сондай-ақ, алқа отырысында 1 қыркүйектен бастап республикалық «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» енгізу талқыланды. Облыс әкімі бүгінгі жағдайды ескере отырып, тәрбие жұмысының өңірлік тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды.
- Ол тиімді болуы қажет және мектепке дейінгі жастан бастап білім берудің барлық сатыларын қамтуы тиіс, - деді аймақ басшысы.
Талқыланған тақырыптардың бірі соңғы 3 жылда қалалар мен аудандардағы әкімдіктерден әлеуметтік осал отбасылардан шыққан мектеп түлектерін грант бөлінбеуі сөз болды. Асайын Байханов қалалар мен аудан әкімдеріне білім беру гранттарын қайта бөлуді тапсырды.
Асайын Байханов балалардың қауіпсіздігіне және жасөспірімдер қылмысының алдын алуға жеке тоқталды.
- Осыған байланысты буллингтың алдын алу бойынша бірыңғай жол картасын әзірлеуді тапсырамын. Бүгінгі таңда бізбен бірге болуға және біздің барлық бастамаларымызды қолдауға дайын сарапшылар мен ата-аналар қауымдастығын тартыңыздар. Білім беру басқармасына ата-аналар Альянсын құруды және оның Алғашқы өңірлік форумын ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде, Отбасы күнінде өткізуді тапсырамын.
Облыс әкімі педагогтерге мамандықтарына деген адалдықтары, балаларға деген сүйіспеншіліктері мен назары, жаңашылдықтары мен тынымсыз ізденістері үшін алғысын білдірді.
Еске сала кетейік, шағын жинақталған мектептерді кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі әлі де өзекті болып отыр. Осыған байланысты, Асайын Байханов «Ауыл ұстазы» грантын беру бағдарламасын іске қосуды ұсынды.