Павлодарлық планетарийде оқушылар ғарыш туралы фильм тамашалай алады

Павлодарлық планетарийде оқушылар ғарыш туралы фильм тамашалай алады
Фото: pexels.com

Көрсетілім күзгі демалыста өткізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

М.М. Катаев атындағы оқушылар сарайы қала және облыс мектептерінің оқушыларын күзгі демалыс кезінде «Astro-cinema» планетарийіне шақырады.

– 28 қазан мен 1 қараша аралығында сіздер үшін 3D форматында алыс ғарыш туралы қызықты фильмдер көрсетіледі. Сеанс кем дегенде 15 адамнан тұратын топ жиналған кезде өтеді, – делінген хабарламада.

Билет бағасы – 300 теңге, ересектерге – 500 теңге. Сеансқа 32-85-27 телефон нөмірі арқылы жазылуға болады.