Павлодарлық полиция қызметкерлері психологиялық даярлық деңгейін арттырды

Олар шиеленісті төмендетуге көмектесетін диалог құру әдістерін үйренді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, азаматтармен тиімді өзара әрекеттесу және кәсіби төзімділікті арттыру мақсатында психолог «Агрессивті арызданушылармен қарым-қатынас және автоагрессияны түсіну» тақырыбында полиция қызметкерлерімен оқыту әңгімесін өткізді.
Кездесу барысында ішкі істер органдарына жүгінетін азаматтардың агрессивті мінез-құлқына байланысты мәселелерге ерекше назар аударылды.
– Психолог агрессия белгілерін дер кезінде қалай анықтауға болатынын, өзін-өзі ұстау жолдарын және шиеленісті төмендетуге көмектесетін диалог құру әдістерін түсіндірді, – деді департаментте.
Сондай-ақ, аутоагрессия – яғни адамның өз-өзіне бағытталған агрессиясы – өзіне тым қатал баға беру, өзін-өзі жоюға бейімділік, көмектен бас тарту, тіпті суицидтік ойлар түрінде көрініс табуы мүмкін екені айтылды. Бұл белгілерді әсіресе күйзелісте, үмітсіз күйде немесе психологиялық дағдарыста жүрген арызданушылардан байқай білу аса маңызды екені түсіндірілді.
Департамент осындай кездесулер полиция қызметкерлерінің психологиялық даярлық деңгейін арттырумен қатар, қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтарға деген гуманистік әрі кәсіби көзқарасты қалыптастыратынын жеткізді.