Павлодарлық саясаттанушы Америка мен Қазақстан президенттерін салыстырды
Сарапшы қоғам президент институтына көзқарасын өзгертуі тиіс деп есептейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Әлеуметтік ғылымдар магистрі, Торайғыров университетінің әлеуметтік-саяси зерттеулер институтының ғылыми қызметкері Борис Поломарчук әңгімесін тарихтан бастады.
- Жаңа мемлекеттер пайда болған кезде адамдар күшті саяси билік айналасында шоғырланатыны заңды, - дейді Борис Поломарчук. – Өз кезінде Қазақстанның барлық саяси күштері Тұңғыш Президент айналасында топтасты. Әрине, барлығы ойдағыдай жүзеге аспаса да, сол тарихи кезеңде ел басшылығы этносаралық араздық пен экономикалық тоқырауға жол бермеді.
Сарапшы Қазақстанның жас мемлекет екендігін алға тартып, көпшілік президент институтын сол лауазымдағы адамның жеке қасиеттерімен байланыстыратынын айтты.
- Мысалы, біздің АҚШ-тан айырмашылығымыз: бізде президенттің адами қасиеттеріне қатты мән беріліп, ол лауазымды жеке адаммен тығыз байланыстырады. Президенттер де адам екендіктерін ұмытпай, олардың да қателесетінін қаперде сақтау керек. Оның қателерін келесі президент қайталамауы да мүмкін ғой. Қарапайым мысал, егер үйіміздегі сантехник қателессе, біз слесарь мамандығын толықтай жамандамаймыз ғой, - деді сарапшы.
Борис Поломарчук айтып өткендей, еліміздің іс басындағы басшылығы аталған пікірді өзгертуге тырысуда. Қасым-Жомарт Тоқаевтың құзыреттілігімен бөлісуі мен орталықсыздандыру жөніндегі реформалары оң септігін тигізуде.
- Біз суперпрезиденттік президенттік-парламенттік басшылыққа қадам басып келеміз, - дейді Борис Поломарчук. – Мысалы, Парламент Премьер-Министрі өз еркімен тағайындайды, ауыл әкімдерінің сайлануы жүзеге асты, кезек – қалалар әкімдерінде. Президент партия қатарынан шығып, ҚР президенттерінің туыстары мемлекеттік қызметте лауазымға ие болуына заңды түрде тыйым салынды. Осылайша, бара-бара президент институтына тек мамандықтардың бірі ретінде қарайтын күн туады.
1990 жылы 24 сәуірінде Қазақ ССР Президентінің лауазымын белгілеу және Қазақ ССР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақ ССР заңымен Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ ССР Президенті болып сайланды. Сайланылған кезінде Назарбаев Қазақстанды 1989 жылдың 22 маусымынан бастап Қазақ КСР Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып басқарған болатын.
1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанда тұңғыш рет жалпыхалықтық Президент сайлауы өтті. Дауыс беруге келген 88,2%-дан сайлау 98,78% дауыс жинап – Нұрсұлтан Назарбаев жеңіске жетті.
Фото: Борис Поломарчуктың жеке архивінен