Павлодар облысында -35°С-қа дейін қатты аяз күтіледі

Павлодар облысында -35°С-қа дейін қатты аяз күтіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Синоптиктер осы аптадағы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, 5 желтоқсанда көктайғақ болады деп күтілуде. Ауа райы түнде -7...-12°С, ал күндіз -1...+4°С-қа дейін жылынады. 

6 желтоқсан күні облыстың солтүстік жартысында қар аралас жаңбыр жауады. Сынап бағанасы түнде және күндіз -1...+4°С-ты көрсетеді. Желдің жылдамдығы батыс бағытымен секундына 15-20 метрге, ал күндіз екпіні 22-28 метрге дейін жетеді.

7 желтоқсанда аздаған қар жауып, тұман түседі. Ауа температура түнде -21...-26°С-қа күрт төмендейді. Күндіз  -17...-22°С, облыстың солтүстігінде -25°С болады. 

8 желтоқсанда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде сынап бағанасы -25...-30°С-қа, ал облыстың солтүстігінде -35°С-қа дейін төмендейді. Күндіз -20...-25°С, облыстың солтүстігінде -30°С-ты көрсетеді. 

Сенбі және жексенбі күндері тұман болады деп болжануда. Түнде суық ауа райы сақталады: -25...-30°С, ал облыстың солтүстігінде -35°С, күндіз -20...-25°С, облыстың солтүстігінде -30°С болады.