Павлодарлық саяжайшылар суармалы суды субсидиялауды сұрады

Павлодарлық саяжайшылар суармалы суды субсидиялауды сұрады
Фото: Константин Шелков

Мысал ретінде бағбандар мемлекет көмектесетін фермерлерді келтірді, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподағының өкілі Павел Сурманың айтуынша, су проблемаларына байланысты саяжайшылар өз учаскелерін тастап кетуде. Су ресурстары және ирригация министрімен кездесуде павлодарлық «Металлург» саябағындағы жағдай туралы айтып берді. Онда өңделетін саяжайлардың саны екі есе азайған.

Бір кездері 3500 учаске болған, қазір 1700 учаске қалды. Саябақ 40 жыл бұрын жеке қолға берілді, жаңғырту іс жүзінде жүргізілмеді. 80 шақырым құбыр да ауыстырылмады. Негізгі су құбырлары да жарамсыз болып қалды, – деді Павел Сурма. – Биылдан бастап судың бағасы үш есеге өсті – бір текше метр техникалық су үшін 34 теңге. Саяжайшылар жарты метрге дейін де көтерілмейтін су үшін төлегісі келмегендіктен саяжайларын тастап кетуде.

Кәсіподақ өкілі саяжайларда негізінен зейнеткерлер жұмыс істейтінін еске салды. Олар учаскелерінің арқасында қысқыға көкөніс қорын жасайды және де қала тұрғындарына сатады.

Егер шаруа қожалығы су мен өндіріске субсидия алса, онда саяжайшылар іс жүзінде ешқандай ақша алмайды, – деп Павел Сурма субсидия енгізуді сұрады.

Министр Нұржан Нұржігітов тарифтеу мәселесімен монополияға қарсы комитет айналысып жатқанын айтты. Сонымен қатар, субсидиялау мәселесі талқыланатынын атап өтті.