Павлодарлық спортшы елдің ең үздік дойбышысы атанды
Шымкентте көру қабілеті бұзылған спортшылар арасында дойбыдан республикалық чемпионат өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Аталмыш додадағы еліміздің 13 қаласынан 72 спортшы қатысты.
Павлодар қаласының атынан №7 арнайы түзету мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Айсара Муритова қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша, мектеп оқушысы қыздар арасында бірінші орынды иеленді. Өткен жылы Түркістанда өткен аталмыш турнирде екінші болған.
Айта кетейік, Айсара Муритова №1 Құрманғазы атындағы музыка мектебін бітірген. Ол бала кезінен тоғызқұмалақты жақсы көреді. Сонымен қатар, көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған голбол ойынының бірнеше дүркін жеңімпазы.