Аққулы ауданында орман өртінің алдын алу туралы айтып береді
Туристік базалардың және басқа сауықтыру орындарының иелерімен кездесулер ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, 8-14 шілде аралығында «Орман» Республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы өтеді.
Аталмыш шараға жергілікті атқарушы органдар, ішкі істер органдары, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесінің аумақтық инспекциясы, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палаталары, еріктілер мен журналистер қатысады.
Ормандардағы өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуының алдын алу мақсатында ұйымдастырушылар туристік базалардың, қонақ үйлердің, демалыс үйлерінің , пансионаттардың, сауықтыру лагерьлерінің, балалардың жазғы демалыс орындарының иелерімен, қызметкерлерімен кездесу өткізеді. Аталған жиындарда өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндіріліп, тиісті ұсыныстар мен нұсқаулар беріледі.