Ертіс ауданында мас жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылды

Ол 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция жедел-профилактикалық шара аясында ауыл тұрғынын түнде Қызылжар ауылының дала массивінде тоқтатқан.
Тексеру барысында жүргізуші қонақта ішімдік ішіп, содан кейін досына бара жатқанын мойындаған. Ал, медициналық куәландыру алкогольдік масаңдықтың орташа дәрежесі расталды.
– Ертіс аудандық сотының қаулысымен жүргізуші 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айыру және 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді департаментте.
Тәртіп сақшылары кездейсоқтық жүргізушіні жолдағы қиындықтан құтқарғанын жеткізді, өйткені ол жол-көлік оқиғасының қатысушысы болып, оның отбасына да, жолда кездесіп қалуы мүмкін басқа да жол қозғалысына қатысушылардың отбасыларына қайғы әкелуі мүмкін еді.
Айта кетейік, тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстың алдын алу және жолын кесу мақсатында ағымдағы жылдың 10-12 маусым аралығында облыс аумағында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Акция басталғаннан бері облыс полицейлері 856 құқық бұзушылықтың жолын кесті, оның 15-і көлік құралдарының жүргізушілерін мас күйінде көлік жүргізген.