Павлодарлық студенттер Азия чемпионатында үздік атанды

Павлодарлық студенттер Азия чемпионатында үздік атанды
Фото: Марғұлан университеті

Жарысқа 700-ден астам спортшы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Марғұлан университеті баспасөз қызметінің мәліметінше, Гонконгта пауэрлифтингтен Азия чемпионаты өтті. Аталмыш жарысқа 700-ден астам спортшы қатысты. Үлкен жарыстан Марғұлан университетінің спортшылары сегіз медаль алып келді. 

Қазақстанның намысын қорғап ФКС-12 тобының студенті Руслан Кожевников және Өнер және спорт жоғары мектебінің оқытушысы Ксения Окатенко қатысты. Руслан 66 келі санатында бірінші орынға ие болып, Азияның абсолютті чемпионы атанды. Ал Ксения Окатенко 84 кг санатында Азияның абсолютті чемпионы болды.

Айта кету керек, спортшылар қарсылас болған Үндістан мен Қытай спортшыларынан айласын асырды.