«Ертіс» жанкүйерлер сұрақтарына жауап береді

«Ертіс» жанкүйерлер сұрақтарына жауап береді
Фото: «Ертіс» ФК

Маусым алдындағы оқу-жаттығу жиыны өтетін уақыт та белгілі болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Ертіс» ФК директоры Ермек Ермекбаев айтып өткендей, команда 12 және 29 ақпан аралығында Шымкентте оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Оңтүстік мегаполиске толықтай жасақталған құрам аттанбақ.

- Содан соң наурыз айында команда Қазақстан Кубогінің алғашқы раундына қатысу үшін дайындықты Павлодарда жалғастырады. Одан кейін Кубокқа қатысу үшін қайтадан Шымкентке барады, - деді клуб директоры. 

Павлодар жұртшылығымен кездесуді Шымкенте барар алдында ұйымдастыру көзделуде. Оған клуб басшылығы, жаттықтырушылар мен команда ойыншылары қатысады. Сол жерде жанкүйерлер өздерін қызықтырған сауалдарын жолдай алады.

Қазіргі кезде қайта жаңғырған «Ертіс» Екінші лига ойындарына Павлодарда дайындалуда. Жаттығулар «Спорт ситиде» өтуде. Бас бапкер Сергей Якушин айтып өткендей, команда құрамы 80 процентке жасақталды.

Команда алдында 2024 жылғы чемпионат қорытындылары бойынша Бірінші лигаға өту мақсаты қойылды.