Павлодарлық студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлер бола алады

Павлодарлық студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлер бола алады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Сыбайлас жемқорлықпен күресудің түрлі жолдары бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Адалдық сағаты» жалпы республикалық акциясы аясында облыс бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Медет Амралинов Марғұлан университетінің студенттерімен кездесті.

Жастармен кездесуде спикер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі қызметінің негізгі бағыттары туралы егжей-тегжейлі айтып, ведомствоның бірінші кезектегі міндеті – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу екенін ерекше атап өтті.

Сондай-ақ, іс-шара барысында ведомство басшысы студенттерге парасаттылық, адалдық және әділдік, қазіргі қоғам үшін сыбайлас жемқорлық қаншалықты қауіпті және сыбайлас жемқорлық фактілеріне тап болған жағдайда не істеу керектігі сияқты моральдық қасиеттер туралы айтып берді.

Іс-шара соңында өңірлік Антикор басшысы студенттерді «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасына кіруге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді күрескерлердің бірі болуға шақырды.