Павлодарлық волейболшылар Петропавлда жеңісті жұлып алды
Ұлттық лиганың әйелдер командалары арасындағы волейболдан ел чемпионатының үшінші туры басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодардың «Ertis» командасы «Ару Астанаға» қарсы алғашқы матч алдында аса ауыр халде болды. Команда чемпионатты сәтсіз бастады – павлодарлықтар небәрі екі ұпай жинап, турнир кестесінде соңғы орында келеді.
Сол-ақ екен, біздің қыздар бұл матчта жеңіске деген зор жігермен шықты. Дегенмен, ойынның басталуы тағы сәтсіз болды: бірінші сет 25:18 есебімен қарсыластардың пайдасына шешілді. Одан кейін волейболшылар бір-бір жеңістен алмасты. Сеттер бойынша есеп 2:1 болғанда «Ertis» тізгінді қолға алып, алдымен есепті теңестіріп, содан кейін тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 25:23, 15:10.
13 қаңтарда павлодарлықтар түркістандық «Тұранмен» ойнайды. «Ertis» турнирде тағы бес ойын өткізеді. Қыздарымыз үшінші айналым 20 қаңтар күні «Қуаныш» командасына қарсы ойынмен аяқталмақ. Үшінші тур Петропавлда өтеді.
Матчтарды Қазақстан волейбол федерациясының YouTube-арнасынан көруге болады.