Павлодарлық жаңа туған нәрестелерге керек заттардың тізімі
@Pavlodarnews.kz тілшісі жарық дүние есігін ашқан сәбидің гигиенасы мен күтіміне керек заттардың тізімін құрастырды.
Баланың дүниеге келуі әрбір отбасы үшін өте маңызды оқиға. Оның күтімі мен денсаулығы, болашағы үшін ата-анасы жауапты. Сондықтан әрбір ана алғашқы күннен бастап сәби күтіміне ерекше дайындықпен қарап, білімін арттырып отырғаны дұрыс.
Нәрестелердің терісі нәзік, сезімтал болып келеді. Кез келген байланыс, жаңа заттар, гигиена құралдары тітіркенуді тудыруы мүмкін. Сол себепті бала күтіміне қажетті заттардың тізімін қарастырып көрейік:
1. Қайшы
Ең бастысы ыңғайлысын табу, жақсы қайшыны бірнеше жылдар бойы қолдануға болады.
2. Мақта таяқшалары мен жастықшалары
Таяқшаларды баланың мұрны мен кіндігін тазалау, өңдеу үшін қолданған ыңғайлы. Ал, жастықшаларды жылы суға салып, бетін сүртуге болады.
3. Душқа арналған шампунь мен гель, сұйық сабын
Ыңғайлы диспенсер, нәзік көбік пен иісі және құрамына назар аударып, таңдаған жөн.
4. Мұрын аспираторы
Нәрестенің мұрнындағы сұйықтықты, тіпті қатып қалған қабыршықты сорып алу үшін өте ыңғайлы. Екі-үш жасқа дейін қолдануға болады.
5. Іштің бұрап ауруын басатын тамшылар мен арнайы белбеу
Шақалақ туғаннан бастап беруге болатын тамшылар баланы іш ауруынан қорғайды. Белбеу де ішті жылытып, мұндай қолайсыздықтың алдын алады.
6. Жөргекке арналған крем
Қызаруды, тітіркенуді, ашуды алдын алатын таптырмас дүние. Ең бастысы, баланың нәзік терісіне жағатынын, қолайлысын табу.
7. Массаж жасауға арналған крем/май және теріні ылғандыратын крем
Әр ата-ана құрамын, көлемін байқап, ең қолайлысын таңдауы қажет.
8. Ылғалды майлықтар
Классика. Сыртқа шыққанда, жөргекті ауыстырғанда тағы да басқа «SOS» жағдайларда таптырмас дүние.
9. Щетка-тарақ
Щетка-тарақ – баланың бас терісін мұқият және жұмсақ тарайды. Бұл шаштың өсуін ынталандырады. Балаларға көбінесе бұл процесс ұнайды, бұл ретте нәрестенің жүйке жүйесін тыныштандырады деп болжауға болады.
10. Үшбұрыш-орамал
Сәбиді шомылдырғаннан кейін басынан аяғына дейін тез орап алуға ыңғайлы.
Құрметті аналар, ал сіздер бұл тізімге не қосар едіңіз?