Павлодарлық жас суретшілер Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктерді бейнеледі

Павлодарлық жас суретшілер Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктерді бейнеледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ресейде балалар шығармашылығының халықаралық көрме-байқауы өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Ресейдің Ханты-Мансийск қаласында «Балалардың көзімен Қызыл кітап» атты балалар шығармашылығының халықаралық көрме-байқауы «Құтқару және сақтау» халықаралық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылды. 

«Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер» тақырыбында өткізілген көрмеге Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебінің алты жастан 16 жас аралығындағы 90 оқушысының жұмыстары жіберілді. Жұмыстың іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Павлодар мектебінің 40 оқушысының жұмысы көрмеге қойылды. 

– Оқушылар өз жұмыстарында жабайы жануарлардың өзіне тән қасиеттерін, гуашь, акварель, ал, фломастерден жасалған бұйымдар техникасында Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктердің сұлулығы мен бірегейлігін көрсетті, - деді мектеп басшысының орынбасары Инна Масленникова. 

Павлодарлық суретшілердің барлығы байқаудың лауреаттары деп танылды.