Павлодарлық жеңіл атлет Азия чемпионатында бірінші орын алды

Павлодарлық жеңіл атлет Азия чемпионатында бірінші орын алды
Фото: Instagram/ @shvsm_pav

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы төртінші орынға тұрақтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты Қытай еліндегі Тянжин қаласында жабық кешенінде өтті.

Ұлттық құрамаға енген Павлодар облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы Мария Шувалова 4×400 метрлік әйелдер эстафетасында бірінші орын алды. ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің мәліметінше, жалпы құрлықтық біріншілікте Қазақстан құрамасы жеті медаль еншіледі. 

Ең үздік нәтижені Қытай құрамасы көрсетті: 10 алтын – 11 күміс – 13 қола медалі. Одан кейін Катар және Жапония командалары орналасты.