Павлодарлық гандболшылар жастар арасындағы ел чемпионатында топ жарды

Павлодарлық гандболшылар жастар арасындағы ел чемпионатында топ жарды
Фото: Константин Музалевский

Жарысқа жеті команда қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірдің ерлер командасы гандболдан Қазақстан Республикасының VI жастар спорттық ойындарының жеңімпазы атанды.

Жеті команда бақ сынаған жарыста павлодарлықтар барлық қарсыластарын айқын басымдықпен жеңді. Олар елордадан келген команданы 30:21, Шымкентті 34:27 есебімен ұтып, Алматы облысы мен Түркістан командаларын да 33:27 нәтижесімен артта қалдырды.

Финалда павлодарлық гандболшылар Алматы қаласының командасын жеңіп, турнирдің алтын медалін еншіледі.