Павлодар «ақ-көк» түске орала ма

Павлодар «ақ-көк» түске орала ма
Фото: «Ертіс» ФК

Қала тұрғындары жерлестерін қолдай алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодарда «Ертіс» футбол клубының фан-шопы ашылды. Қазірдің өзінде павлодарлықтар бес дүркін ел чемпиондарының атрибутикасын, сондай-ақ өз клубының эмблемасы бейнеленген сүйікті бұйымдарын сатып ала алады.

- «Сантос» дүкенімен серіктестік аясында клуб фан-шоп ашу туралы келісімге келдік, - дейді клуб директоры Сейітбек Сембаев. – Дүкенді жігіттер өз қаражатына ұстайды. Бұл әлемдік тәжірибе: көптеген шетелдік клубтар дәл осылай жұмыс істейді.

Дүкенде павлодарлықтар ресми тауарларды: шарфтарды, футболкаларды, худи және басқа мерчті сатып ала алады. Фан-шоп Естай, 134 мекенжайында орналасқан.