Павлодарлықтар қала әкімінің есептік кездесулеріне қатыса алады
Жиын 9–21 шілде аралығында өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Павлодар қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
— Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес облыс орталығының басшысы Хасар Хабылбеков пен Павлодар қаласының ауылдық округтері әкімдерінің халықпен кездесулері өтеді, - делінген хабарламада.
Жиында жұртшылықтың көкейінде жүрген мәселелер кеңінен талқыланады.
Тұрақты кездесу:
9 шілде сағат 11:00-де Мойылды ауылы, Мәдениет үйінде;
10 шілде сағат 11:00-де Павлодар ауылы, Мәдениет үйі;
14 шілде сағат 11:00-де Атамекен кенті, Мәдениет үйі;
17 шілде сағат 11:00-де Кенжекөл ауылы, Мәдениет үйі;
21 шілде сағат 11:00-де Жетекші ауылы, Мдениет үйінде.