Павлодарлықтар үшін тамыз айының басында қызықты іс-шаралар өтеді

Шілденің соңғы күндері мен тамыздың басында павлодарлықтар мен қала қонақтарына арналған түрлі мәдени-спорттық шаралар өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
30 шілде күні сағат 20:00 – 21:00 аралығында «Павлодар на спорте» бағдарламасы аясында ашық аспан астында әртүрлі форматтағы жаттығулар өтеді.
1 тамызда сағат 19:00-де Тереңкөл ауданының шығармашылық ұжымдары павлодарлықтарға концерттік бағдарлама ұсынады.
2 тамызда таңғы 9:00 – 10:00 аралығында «Павлодар на спорте» жаттығулары жалғасады. Ал кешке, сағат 20:00 – 22:00 аралығында тұрғындар үшін көңілді дискотека ұйымдастырылады.
3 тамызда сағат 18:00-де КВН сүйер қауым үшін ерекше оқиға – «Ертіс-Премьер» Ашық лигасының Республикалық чемпионатының жартылай финалы өтеді.
Барлық іс-шаралар Ertis Promenade сахнасында ұйымдастырылады.