Павлодарлықтар 29 қарашаға дейін сайлаушылар тізімінен өздерін қалай тексере алады?
29 қарашада Қазақстан Республикасының мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласы әкімдігінің мәліметінше, сайлаушылар тізімінде бар-жоғын тексеру үшін 32-00-36 нөміріне қоңырау шалуға немесе 8 (777) 252-47-44 нөміріне WhatsApp арқылы хабарлама жіберуге болады.
Колл-орталықтың жұмыс кестесі дүйсенбі–жұма күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (үзіліс – 13:00–14:30). Ал сенбіде сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін.
Павлодар облысының барлық тұрғыны белсенді азаматтық ұстаным танытып, сайлауға қатысуға шақырылады.