Павлодарлықтар АИТВ-жұқпасының алдын алу үшін қалай әрекет ету керек?
Дәрігерлер инфекция жұққан материалдың немесе биологиялық субстраттардың теріге, шырышты қабаттарға, жарақаттарға (тері қабатының шаншылуы, кесілуі) және жыныстық қатынас кезінде немесе басқа жағдайларда инфекция жұғу қаупін апаттық жағдай деп атайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Біріншісі – қауіпті сұйықтықты жуып тастау.
АИТВ жұқтыру қаупі туындаған кезде қауіпті сұйықтықтың зақымдалған теріге немесе шырышты қабаттарға әсер ету уақытын қысқарту қажет, жанасу болған жерді жуып, дұрыс емдеу керек.
Инемен немесе басқа өткір заттармен жарақат алған кезде зақымдалған жерді сабынмен дереу жуып, зақымдалған тері бетін су ағынының астында қан кету тоқтағанша ұстау қажет. Ағынды су болмаған жағдайда зақымдалған жерді антисептикпен, дезинфекциялық ерітіндімен, мысалы, хлоргексидин глюконатының 2-4% ерітіндісімен өңдеу керек, жанасу орнын сүртуге немесе айқастыруға болмайды.
Екіншісі – АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығына жүгіну.
АИТВ-позитивті адаммен жыныстық қатынас кезінде немесе жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанда 72 сағат ішінде АИТВ-ның алдын алу жөніндегі орталыққа жүгіну қажет. Инфекция жұқтыру қаупінің ықтималдығы жарақат алған жағдайларға байланысты. Қауіп дәрежесін және байланыстан кейінгі алдын алу қажеттілігін инфекционист дәрігер анықтайды.
Апаттық жағдайда зардап шеккен адамдар орталыққа жүгінген немесе апат кезінде шұғыл тестпен және ИФТ әдісімен 1-3 айдан кейін АИТВ-инфекциясына тексеруден өтеді. Бұл зерттеулер эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тегін жүргізіледі. Қажет болғанда инфекционист дәрігер антиретровирустық препараттармен байланыстан кейінгі алдын алу курсын тағайындай алады.
Қосымша консультацияны облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығында мына мекенжай бойынша алуға болады: Павлодар қаласы, Бектұров көшесі, 50, А құрылысы, пациенттерді қолдау қызметі 32-04-74.
25.05.2023 жылғы № 23011894 лицензия. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі.