Павлодарлықтар ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне шақырылады

Жәрмеңкеде өнімдер өндіруші бағасымен сатылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Дәстүрлі сенбілік саудаға Ақтоғай, Железин, Павлодар, Шарбақты аудандары мен Павлодар қаласының тауар өндірушілері қатысады.
Тұрғындар жәрмеңкеден келесі бағамен өнім сатып ала алады: сиыр еті – 2300 теңге/кг, жылқы еті – 2300-2500 теңге/кг, қой еті – 1900-2100 теңге/кг, І санатты жұмыртқа – 420 теңге (10 дана), шикі сүт – 250 теңге/литр, бал – 2000-2500 теңге/кг, картоп – 110-120 теңге/кг, сәбіз – 95-100 теңге/кг.
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі Космонавтар мен Торговая көшелерінің қиылысындағы, Торговая көшесі, 2А мекенжайында өтеді. Өндіруші бағасымен сауда Екібастұз қаласындағы «Народный» базарында, Ақсу қаласының фермерлік базарында және облыстың он ауданында да ұйымдастырылады.