Павлодарлықтар эко-квизге шақырылады

Павлодарлықтар эко-квизге шақырылады
Фото: pixabay.com / geralt

Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға сыйлықтар мен жаңа таныстықтар, көтеріңкі көңіл-күй уәде етеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының мәліметінше, іс-шара 28 тамыз күні Успен көпірінде өтеді. 

– Қатысушыларды қоршаған орта туралы танымдық сұрақтар, интерактивті командалық тапсырмалар, фильмдер мен музыка бойынша викториналар, сондай-ақ «Шазам» раунды күтіп тұр. Эко-квиздің басты тақырыптары – экология және қоқысты сұрыптап жинау. Іс-шараға қатысу үшін 3-5 адамнан тұратын команда жинап, 8 (771) 341-56-72 WhatsApp нөмірі арқылы өтініш қалдыру қажет, – деді басқарманың баспасөз қызметі.

Бұл іс-шара Павлодар облысы бойынша «Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Білім» білім беру және мәдениетті дамыту қоры» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтеді. Кездесу уақыты – 11:00.