Павлодарлықтар мен ақсулықтар мереке күндері жарық үшін қалай төлей алады
Сервистік орталықтардың мерекелік жұмыс кестесі белгілі болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, тұтынушылар үшін 7, 9 және 10 мамыр демалыс күндері болып бекітілді.
Екі қала тұрғындарының ыңғайлылығы үшін 11 мамыр, дүйсенбі күні бірнеше пункт кезекшілік режимде қызмет көрсетеді.
Павлодар қаласында 11 мамырда Кривенко көшесі, 27 және Ломов көшесі, 160 мекенжайларындағы орталықтар сағат 9:00-ден 14:15-ке дейін ашық болады. Ал Академик Сәтбаев көшесі, 101 мекенжайы бойынша орналасқан пункт сағат 13:45-ке дейін жұмыс істейді.
Ақсу қаласында да екі қабылдау пункті өз есігін айқара ашпақ. Вокзал көшесі, 11 және Қамзин көшесі, 33 мекенжайларындағы мамандар тұтынушыларды сағат 9:00-ден 14:00-ге дейін қабылдайды.
Компания өкілдері кезекте тұрмас үшін және уақыт үнемдеу мақсатында төлемдерді цифрлық сервистер арқылы жүргізуге кеңес береді. Атап айтқанда, Kaspi.kz және Halyk мобильді қосымшалары, сондай-ақ kassa.24 терминалдары штаттық режимде қызмет көрсетеді.
Кәсіпкерлер де коммуналдық қызмет ақысын Kaspi Pay қосымшасындағы деректемелер бойынша немесе Kaspi.kz арқылы онлайн төлей алады.