Павлодарлықтар жылжымайтын мүлік пен жер телімдерін уақытша ресімдей алмайды

Павлодарлықтар жылжымайтын мүлік пен жер телімдерін уақытша ресімдей алмайды

Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесіне деректер көшіріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz 

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы облыстық филиалының хабарлауынша, осыған байланысты 19 маусымда жер және жылжымайтын мүлік саласындағы мемлекеттік қызметтердің барлық түрлері уақытша қолжетімсіз болады.

Қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдау, оның ішінде ХҚКО-лар арқылы оның ішінде тұрғылықты жері бойынша тіркелу және жылжымайтын мүлікті ресімдеу, сондай-ақ, eGov.kz порталы арқылы тіркелу, нотариустар, салық ұйымдары, ЕДБ және ҚР Әділет министрлігінің атқарушылық іс жүргізу органдарының жүйелері арқылы қызмет көрсету тоқтатылады, – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, іске қосу-реттеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты бірнеше күн ішінде ЖМБ МК мен сервистердің дұрыс жұмыс істемеуі байқалуы мүмкін.

Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті.