Павлодарлықтарды таргетингке үйретеді
![Павлодарлықтарды таргетингке үйретеді](https://images.pexels.com/photos/6476260/pexels-photo-6476260.jpeg?auto=compress&cs=tinysrgb&w=1260&h=750&dpr=1)
Тренинг Жастар бастамаларын дамыту орталығында ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«AdFocus: Сенің таргетингтегі табысқа апарар жолын» тренингі 4 шілде күні сағат 15:00-де Ломов көшесі, 38 мекенжайы бойынша Жастар орталығында өтеді.
– Тренингте мақсатты жарнаманың негіздері, әлеуметтік желілердегі тиімді стратегиялар, жарнамалық платформалармен жұмыс істеудің практикалық дағдылары қарастырылады. Спикер – интернет маркетолог және таргетолог Илья Голицын, – дейді ұйымдастырушылар.
Алдын-ала тіркелу үшін +7(776)737-30-67 WhatsApp нөміріне хабарласуға болады.