Павлодар ауданында өгей қызын зорлаған күдікті ұсталды

Ер адам оқушы қыздың ар-намысына қол сұққан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі
Павлодар облысы полиция департаментінде жасөспірімді зорлау фактісін тергеп жатыр. Белгілі болғандай, облыстағы ауылдардың бірінің 14 жастағы тұрғыны бәлеге ұшыраған. Полицейлер жасөспірімнің өгей әкесі зорлады деп күдіктеніп отыр.
Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істің тергеуі ерекше бақылауға алынған.