Павлодарлықтарды тегін скринингтен өтуге шақыруда

Павлодарлықтарды тегін скринингтен өтуге шақыруда
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Акция онкологиялық аурулар мен созылмалы дерттерді ерте анықтау мақсатында ұйымдастырылуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Viamedis Pavlodar» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, іс-шара 16 мамыр күні сағат 9:00-ден 15:00-ге дейін жалғасады. Қатысушылар балалар корпусының 3-қабатындағы тіркеу бөліміне жүгінуі тиіс. Емханада маммография, әйелдер қарау кабинеті және зертхана мамандары жұмыс істейді.

Тексерулер келесі санаттар бойынша жүргізіледі:

  • жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті және глаукома: 40–76 жас аралығындағы (1950–1986 ж.т.) азаматтар үшін;
  • жатыр мойны обыры: 30–76 жас аралығындағы әйелдер үшін (соңғы 3 жылда скринингтен өтпегендер);
  • сүт безі обыры: 40–76 жас аралығындағы әйелдерге арналған;
  • колоректальды обыр: 50–76 жас аралығындағы (1950–1976 ж.т.) ерлер мен әйелдерге арналған.

Дәрігерлер ауруды ерте сатысында анықтау емнің тиімділігін арттыратынын ескертеді.

Мекенжайы: Ткачев көшесі, 16/1.