Павлодарлықтарды жүгіру марафонына қатысуға шақырады
Шара киберқылмысқа қарсы ұранымен ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 қарашада сағат 10:00-де орталық жағалауда қайырымдылық жарысы өтеді.
Іс-шараның мақсаты - киберқылмыс пен есірткі құқық бұзушылықтың алдын алу.
Қатысушыларды тіркеу сағат 09-дан 09:30-ға дейін «Ertis Promenade» алаңында басталады.
Анықтама телефоны: 8 (777) 718-83-23